Медицина ұйымдарымен бірлесіп жүргізілген бейнебайланыс семинары

Медицина  ұйымдарымен бірлесіп жүргізілген   бейнебайланыс    семинары

Медицина ұйымдарымен бірлесіп

жүргізілген бейнебайланыс семинары

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының МӘС мәселелері жөніндегі орынбасарының басқаруымен 06.04.2022 жылы бейнебайланыс арқылы кеңейтілген жұмыс семинары өткізілді.

Семинарға Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқарамасының өкілі, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің басшылары, Тараз қалалық және барлық аудандық емханаларының ДКК төрайымдарымен төрағалары қатысты.

Семинарда проактивті сырттай мемлекеттік қызметті көрсетудің пилоттық жобасы аясында туындаған мәселелер талқыланды. Әр емханамен сырттай куәландыруға жіберілген 031/е қорытындыларының сапасы жайлы айтылды. Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына 28.02.2022 жылы өзгерістер толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік даму министрінің №77 бұйрығымен таныстырылды.