«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалымен өткізілген семинар-кеңес

«Азаматтарға арналған үкімет  «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалымен өткізілген семинар-кеңес

«Азаматтарға арналған үкімет

«Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалымен өткізілген семинар-кеңес

2022 жылғы 20 сәуірде облыстың қалалық және аудандық бөлімшелерінің (фронт және бэк офистері) қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалымен «Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мәселелері» тақырыбында бірлескен семинар өткізілді.

Семинарда зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері қарастырылды, атап айтқанда:

1) 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындысы шығарылды;

2) ҚР Заңнамасына енгізілген зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу, оның ішінде 2022 жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру мәселелерін реттейтін өзгерістер мен толықтырулар бойынша (жасына байланысты зейнетақы – 4%, базалық зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткішке байланысты), мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға бір мезгілде құқығы, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алумен бір мезгілде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін беру құқығының болмауы, сот тәртібімен еңбек өтілін растау негіздері, академиялық демалыс беру кезінде жәрдемақылар төлеу тәртібі және т.б. мәселелері жөніндегі түсініктемелер берілді;

3) Мемлекеттік корпорация қызметіндегі өзекті мәселелер, атап айтқанда, электрондық іс макеттерін (ЭІМ) қалыптастыру және жолдау мерзімдерін сақтау, тиісті төлем түрлерін тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі, құжаттарды сканерлеу сапасы, сондай-ақ бекітілген ЭІМ төлеуге уақтылы қою көтерілді және жарықтандырылды;

4) Қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.