Төтенше жағдай кезеңінде мүгедектік мерзімдерінің ұзартылуы

Төтенше жағдай кезеңінде мүгедектік мерзімдерінің ұзартылуы

Төтенше жағдай кезеңінде мүгедектік мерзімдерінің ұзартылуы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек , әлеуметтік қорғау және көші -қон комитеті келесіні хабарлайды.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты « Төтенше жағдай және шектеу іс – шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметкер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық -түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы » Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020жылғы 25 наурызындағы №109 бұйрығына 17 тармақтың 1-бөлігіне өзгерістер енгізілді.

«Қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын уақыт бұрын және төтенше жағдай уақытында басталған адамдарға мүгедектік , жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің , кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімдерін МӘС бөлімдері төтенше жағдай қолданылатын кезеңге ұзартады».

Төтенше жағдайға байланысты мүгедектік мерзімдері , жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі , кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы 2022 жылдың 20 қаңтарға дейін автоматты түрде ұзартылады.

 

5 МӘС бөлімінің басшысының м.а. Молдабекова М М