Мүгедектігі бар адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталған Заң қабылданды.

Мүгедектігі бар адамдардың жағдайын жақсартуға  бағытталған Заң қабылданды.

Мүгедектігі бар адамдардың жағдайын жақсартуға

бағытталған Заң қабылданды.

 

2021 жылдың 12 қазанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл Заң Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 326 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы кеңейтілген отырысында берген әлеуметтік саладағы заңнамаға түгендеу жүргізу туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген.

Заңмен мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ мүгедектігі бар, асыраушысынан айырылған адамдарды, зейнеткерлерді және азаматтардың басқа да санаттарын зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейін олардың төлемдерінің мөлшеріне тікелей әсер ететін параметрлерді жетілдіру жолымен арттыру жөнінде бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр.

Бірінші топтағы мүгедектерді күтуді жүзеге асыратын адамдарға күтім жасау және ілесіп жүру бойынша жәрдемақы енгізіп отыр.

Бүгінгі күні Жамбыл облысында 4 мыңнан астам бірінші топтағы мүгедектігі бар адам тұрады.

2018 жылғы 1 шілдесінен бастап 18 жастан асқан бірінші топтағы бала кезінен мүгедекке күтім жасау үшін айына 1,40 күнкөріс деңгейі (48 023 теңге) мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Ал, 18 жастан кейін мүгедектік алған және жеке көмекші ала алмайтын бірінші топтағы мүгедектер күтім жөніндегі жәрдемақымен де, жеке көмекшілердің қызметтерімен де қамтылмаған еді.

Осыған байланысты, 1-топтағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселесін толық қамту мақсатында мүгедектік себептеріне қарамастан, 1-топтағы барлық мүгедектерді күту және ілесіп жүру жөніндегі Бірыңғай жәрдемақы енгізіліп отыр.

Мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жəрдемақылар мынадай:

жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 1,40 ең төмен күнкөріс деңгейі (48 023 теңге);

жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі (65 860 теңге);

жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға – 1,59 ең төмен күнкөріс деңгейі (54 541 теңге);

жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға – 1,40 ең төмен күнкөріс деңгейі (48 023 теңге);

бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі (65 860 теңге);

бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге – 1,59 ең төмен күнкөріс деңгейі (54 541 теңге);

бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге – 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі (41 163 теңге);

бірінші топтағы мүгедектерге – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі (65 860 теңге);

екінші топтағы мүгедектерге – 1,53 ең төмен күнкөріс деңгейі (52 483 теңге);

үшінші топтағы мүгедектерге – 1,04 ең төмен күнкөріс деңгейі (35 675 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Заңда бірінші топтағы мүгедек жəне күтімді жүзеге асыратын адам бір елді мекенде тұруға тиіс деген талап енгізіліп отыр.

Осы заң қабылданға дейін бір мезгілде әртүрлі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалатын (не мүгедектігі бойынша немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша).

Демек, ата-анасының біреуі немесе тіпті екеуі қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда мүгедек балаға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалмайды, себебі ол мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады.

Құрамында мүгедек балаcы бар толық емес отбасының жағдайы іс жүзінде ата-анасының ажырасу жағдайына қарағанда ата-анасы қайтыс болған жағдайда едәуір нашар болатыны белгілі.

Осыған байланысты, асыраушысынан айырылған, құрамында мүгедек балалары бар отбасылардың әлеуметтік қамсыздандырылуын арттыру мақсатында он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бала кезінен мүгедектерге, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедек балаларға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының екі түрін (мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша) бір мезгілде алу мүмкіндігі беріліп отыр.

Тағы бір енгізіліп отырған жаңалық – 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды топқа бөлу. Объективті критерийлерді енгізу үшін 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды организм функцияларының бұзылуының ауырлық дәрежесі бойынша бөлу енгізіліп отыр, ол мүгедектіктің келесі санаттарын белгілейді: бірінші топтағы мүгедек бала, екінші топтағы мүгедек бала, үшінші топтағы мүгедек бала (16 жастан 18 жасқа дейінгі балаларда мүгедектік санатына ұқсас).

Бұдан басқа, заңда мүгедек балаға күтім жасау кезеңін 18 жасқа дейін ұзарту көзделген, бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақыны тағайындауға оң әсерін тигізеді.

Осылай бөлу баланың тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін ескере отырып, ағза функциялары бұзылуы және жұмыс істеу дәрежесінен  мүгедектік топтарына байланысты көрсетілетін әлеуметтік көмекті саралауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерлері төмендемейді.

Жаңа бастама мүгедек балаларды асыраушы отбасының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Заң мүгедектердің тұрғын үй алу, қоғамға бейімделу, жұмыспен қамтылуы, қоғамдық орындардың қол жетімділігі, мемлекеттік сатып алу, басқа да салалардағы құқықтарын жетілдіруге бағытталып отыр.