Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі 2021 жылдың 9 айдың жұмыс қорытындылары

Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі  2021 жылдың 9 айдың жұмыс қорытындылары

Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі

2021 жылдың 9 айдың жұмыс қорытындылары

2021 жылдың 9 айында 57267 жаңа тағайындалған іс бекітілді, оның ішінде: жасына байланысты зейнетақы – 4133 іс, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 4387 іс, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 2752 іс, мемлекеттік арнайы жәрдемақы (№ 2 Тізім бойынша) – 1 іс, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы  – 541 іс, бала тууына байланысты біржолғы төленетін жәрдемақы және бір жасқа дейінгі  бала күтімі жөніндегі жәрдемақы – 23261 іс, мүгедек - баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған  ата-аналарға (қамқоршыларға) жәрдемақы – 571 іс, көп балалы аналар – 724 іс, көп балалы отбасылар – 4978 іс, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы – 82 іс, Семей ядролық сынақтардан зардап шеккендерге біржолғы  ақшалай өтемақы – 14 іс, жерлеуге арналған біржолғы төлемақы – 5813 іс, зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттік кепілдіктерін  орындау – 747 іс, регресстік төлемдер – 10 іс, бюджетік субсидиялар – 9253 іс.

2021 жылдың 9 айында тоқтатылған электрондық іс макеттердің саны – 5574, тоқтатқан – 15995, қалпына келтірген – 565 құрады.                                      

          Есепті кезенінде зейнетақы және жәрдемақы мөлшері бойынша  - 54611 іс қайта қаралып, бекітілді, оның ішінде: жасына байланысты зейнетақы – 8949; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 7302, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 13919; № 1 Тізімі бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы – 3, № 2 Тізімі бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы – 1, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы  – 1632, бала бір жасқа дейінгі  бала күтімі жөніндегі жәрдемақы – 137, мүгедек  - баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған қамқоршы ата-аналарға жәрдемақы – 2026, көп балалы аналар – 841, көп балалы отбасылар – 14138, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы – 115, регресстік төлемдер – 5 іс, бюджетік субсидиялар.

       Шет елдердің және зейнетақы тағайындау үшін қажетті құжаттарды сұратуға ықпал беру бойынша жеке азаматтардың сұраныс хаттардың саны есептік кезеңінде 652 құрады.

2021 жылдың 9 айында 3768 жаңа тағайындалған іс бойынша шешім қабылдаудан бас тартылды.

1294 жаңа тағайындалған істер бойынша ескерту орын алған, бұл қаралған істің жалпы санының 2,26 %  құрайды.

2021 жылдың 9 айында төлемдерді тағайындау сұрақтары бойынша 250 азаматтарға түсініктеме берілді, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау туралы 540 өтініш қаралды.  

Бұқаралық ақпарат құралдарында 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшерін арттыру, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны тағайындау және мүгедек балаларды әлеуметтік қамсыздандыру тәртібі бойынша 9 мақала жарияланды.

2021 жылғы 20 қаңтарда Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдердің жаңа мөлшерлері туралы» тақырыбы бойынша басшының м.а. М.С.Зейнебеков пен №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.Т.Джанаева сөз сөйледі.

2021 жылғы 11 маусымда басшы орынбасарының м.а. А.Т.Джанаева мен № 2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.Оразымбетқызы Қазақстан Халық партиясының Жамбыл облыстық филиалы ұйымдастырған «Қазақстандағы зейнетақы жүйесі. Ағымдағы жағдай және перспективалар» тақырыбы бойыншп қоғамдық пікірталасқа қатысты.

2021 жылдың 3 қыркүйегінде «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы»» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің қызметкерлерімен бірлесіп «Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді.