Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің 2021жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл   облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік  сараптама бөлімдерінің 2021жылдың 9 айында  атқарған  жұмыстары туралы мәлімет

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл 

облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік

сараптама бөлімдерінің 2021жылдың 9 айында  атқарған

 жұмыстары туралы мәлімет

 

Жамбыл  облысы халқының саны -1142323 адам (2019ж-1129916 адам,2020 ж-1136902 адам).

2021 жылдың 9 айында Жамбыл  облысында «Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қоры» ақпараттық жүйесі негізінде барлығы 45661 мүгедек тіркелген. Оның ішінде ересек мүгедектер:  I- топ - 4125- 10,6%,  II топ - 17646 адам-45,3%, III топ- 17210-44,1%,0-18 жас аралығындағы мүгедек-балалардың жалпы саны-6680-14,6%. Халық саны 2021 жылы-1142323 (2020 жылы-1139916).

       МӘС  бөлімдері Қазақстан  Республикасының  Денсаулық сақтау және әлеуметтік  даму Министрінің  28.04.2015 жылғы  №279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет стандарты  бойынша 2021 жылдың 9 айында 10560  қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетті (2020 ж 9 ай-9014)

       2021 жылдың 9 айында  мүгедектіктің негізгі көрсеткіштері: аталған уақытта барлығы 2026 адам алғашқы рет мүгедектікке шықты (2020 ж 9 айы-1872 адам), оның ішінде ересек адамдар  1459 ( 2020 ж 9 айында-1410 адам), мүгедек-бала санатына жатқызылғандар – 567 бала (2020 ж 9 айы-462  баланы құраған).     

       Алғашқы рет мүгедек болып танылған 2026 (2020ж 9 айы-1872), ересек адамдар ішінде жұмысқа жарамды жастағылары-1261 адам-86,4% (2020ж 9 ай-1215), ал 198 адам зейнеткер жасындағы-13,6% ( 2020ж-195) құрайды.

Алғашқы мүгедектіктің  нозологиялық  құрамы  жылдар бойына  өзгеріссіз, оның  ішінде :

1-ші орында – жүрек-қан тамырлары сырқаттары –431 адам – 29,5% (2020 ж.9 айы  – 475 адам – 33,6%);

2-ші орында - қатерлі ісіктер алып отыр - оның деңгейі – 321 адамды құрады -22,0 % (2020 ж.9 ай  -293 адам -21,0% құраған болатын).

3-ші орында – түрлі жарақаттар- 179 адам -12,3%, (2020 ж. - 144 адам – 10,2%) .

Ересектер арасындағы алғашқы мүгедектіктің топтық бөлінуі:

 2020 ж 9 ай (1410 адам)                       2021 ж 9 ай (1459 адам)

I топ – 172 чел. (12,2 %)                            I топ – 217чел. (14,8%)

II топ –748 чел. (53,0%)                            II топ – 718 чел.(49,2%)

III топ – 490 чел. (34,8%)                          III топ –524 чел.(36,0%)

Балалар арасында  алғашқы мүгедекке шығу алдыңғы жылмен салыстырғанда  105  балаға  көбейіп отыр.

          2020 жыл 9 ай – 462 бала           2021 жыл  9 ай – 567 бала

          Мүгедек-балалар арасында мына аурулар алдыңғы орындарды алады:

          1 орында – туа біткен аурулар -190 бала – 35,5 % ( 2020 ж 9 айында. -140 бала – 30,3%).

          2 орында - – нерв жүйесі аурулары - 139 бала – 24,5% ( 2020 ж 9 ай. - 120 бала – 25,9);

          3 орында- психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы-  76 бала – 13,4% ( 2020 ж 9 ай. - 52 бала – 11,2);       

           2020 жылдың  осы  мезгілімен  салыстырғанда, 2021 жылдың  9 айында облысымызда балалар  арасында   туа біткен аурулар бойынша  алғашқы  мүгедектікке  шығу 50 балаға, нерв жүйесі аурулары 19 балаға, психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы-  24 балаға көбейіп отыр.

          2021 жылдың 9 айында 7763 адам денсаулық сақтау мекемелерімен қайта куәландіруге жіберілгендер (2020 ж 9 ай - 6757 адам), оның ішінде 7461 адамы қайта мүгедектер қатарына жатқызылды (2020 ж 9 ай. - 6541 адам).

          Ал, мүгедек-бала санатындағылардан қайта куәландіруге келгендері – 2055  бала (2020 ж 9 ай. – 1610 бала).   Оның ішінде 1960 балап қайта мүгедектер қатарына жатқызылды (2020 ж 9 ай. - 1534 адам).

        2021 жылдың  9 айында  жалпы толық оңалтылғандар саны – 303 адамды құрады –3,9 % (республикалық көрсеткіш-5,3%), оның  208 адамы ересектер (3,6%), балалар – 95 (4,6%)

         2020 жылдың осы уақытында барлығы 216 (3,2%) адам толық оңалтылды, есектер арасында толық оңалту көрсеткіші – 141 адам болған болатын (2,7%). Балалар арасында бұл көрсеткіш – 75 бала (4,7 %).

Жартылай оңалту көрсеткіші 2021 жылдың 9 айында – барлығы 377 (12,7%) мүгедектің топтары жеңіл топтарға ауыстырылды, 2020 жылдың 9 айында бұл сан  262  адамды құраған болатын (9,4%) . Республикалық көрсеткіш-13,3%.

  Мүгедектік топтың ауырлау көрсеткіші 2021 жылдың 9 айында 265 адам-4,6% (2020 ж 9 айында-235 адам-4,6%). Республикалық көрсеткіш-5,8%.

 Мүгедектік топтың  ауырлауына жүрек-қан тамырлары сырқаттарының асқынулары, инсульт,инфарктар және  қатерлі  ісік ауруларының  үдеуі (прогрессирование).

  2021 жылдың  9 айында  барлығы   мүмкіндігі шектеулі жандарға  жеке оңалту бағдарламасының медициналық бөлігі-99,5 %, әлеуметтік бөлігі- 3605 адамға (37,9%) және  7 ересек адамға кәсіби бөлігі  (0,1%) әзірленді.

2020 жылдың  9 айында   әзірленген жеке  оңалту бағдарламасының  8225 медициналық  ұсыныстарының 6188-і орындалды -75,2% пайызға, 880 әлеуметтік ұсыныстарының 332-сі орындалды – 37,7 пайызға,  кәсіптік ұсыныстары 22 адамның 6-ы орындалды-27,3%. 

МӘС  әдіснама  және  бақылау бөлімінің  басшысы А.Махатова