Шу ауданына іс-сапар

Шу  ауданына  іс-сапар

Шу  ауданына  іс-сапар

 

           2021 жылдың  тамыз айының 18,19,20 күндері №3 МӘС бөлімі Шу ауданында кезекті іс-сапарда болып, аудандық емханасы ДКК–сының куәландыруға ұсынған адамдарын сараптамадан өткізді.

           Аудандық денсаулық сақтау ұйымының дәрігерлеріне  МӘС және мүгедектерді оңалту сұрақтары бойынша семинар –отырыс өткізді.

 Тiршілік-тынысының, оның iшiнде аурудың, жарақаттың немесе кемiстiктер салдарынан еңбек қабiлетiнің шектелуiне әкеп соқтыратын, организм  функциялары  тұрақты  бұзылған адамдар, оның iшiнде он сегіз жасқа дейінгілер  МӘС-тің қорытындысы  және медициналық зерттеудің сапасы, адамдарды МӘС-ке жiберудiң қорытындысы (№31/е нысаны ) уақтылылығы мен негізділігі үшiн жауапкершілік тиiсті медицина ұйымының  басшысына  жүктелетіні   айтылды.  Аудан дәрігерлеріне адамдарды МӘС комиссиясына  жіберу  тәртібімен  қайта таныстырдық.

           Іс-сапар барысында : алғаш рет – 14 адамға  мүгедектік  тағайындалды  қайта  куәландырудан   27 адам өтті. Оның ішінде үйіне барып қаралғаны-3 адам.  

 

№3 МӘС бөлімінің басшысының

 

                                                                                               м. а  Халыкова Л. Ж