Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжаттар

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжаттар

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжаттар

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағында тізбеленген құжаттардан басқа:

          1) асыраушының қайтыс болғаны туралы куәлікті немесе адамды хабар-ошарсыз кеткен (қайтыс болған) деп тану туралы соттың шешiмін;

          2) асырауындағы адамның қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты (туу туралы, неке туралы, некені бұзу туралы, әке болуды (ана болуды) белгілеу туралы куәлік және тағы басқалар) ұсынады.

          Қажет болған кезде (олардың бар-жоғына қарай) мынадай құжаттар ұсынылады:

          1) азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының анықтамасы (егер туу туралы куәлікте әкесі туралы мәліметтер анасының мәлімдеуі бойынша енгізілсе);

          2) егер он сегіз бен жиырма үш жас шамасындағы асырауындағы адамдар күндiзгi оқу бөлiмiнiң оқушылары болып табылса, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы (жыл сайын беріледі);

          3) қамқоршы немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжат;

          4) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билетi не әскери қызмет өткергенi туралы анықтама.