Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттар

Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттар

 

Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау үшін

қажетті құжаттар

 

Зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда, егер жерлеуге арналған біржолғы төлемге өтініш зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған айдан кейін үш жылдан кешіктірілмей берілген болса, оны жерлеуді жүзеге асырған адамға алушы қайтыс болған сәтте айқындалатын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.

Қайтыс болған зейнетақы немесе жәрдемақы алушыны жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлға жерлеуге біржолғы төлем тағайындау үшін өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі болған кезде қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді.

Жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлғадан өтініш қабылданған кезде жеке басты куәландыратын құжат, зейнетақы немесе жәрдемақы алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

Бұл ретте өтініш беруші салыстырып тексеру үшін зейнетақы немесе жәрдемақы алушының қайтыс болғаны туралы құжаттың түпнұсқасын ұсынады.

Ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтер болмаған жағдайда жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлға өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:

1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (куәлік) (заңды тұлғалар үшін) немесе дара кәсіпкердің патенті (заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);

2) алушының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе қайтыс болу фактісін растайтын басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген және апостиль қойып куәландырылған құжат.