Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі 2021 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жұмыс қорытындылары

Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі  2021 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша  жұмыс қорытындылары

Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі

2021 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша

 жұмыс қорытындылары

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 35640 жаңа тағайындалған іс бекітілді, оның ішінде: жасына байланысты зейнетақы – 2324 іс, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 2439 іс, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 1881 іс, мемлекеттік арнайы жәрдемақы (№ 2 Тізім бойынша) – 1 іс, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы  – 436 іс, бала тууына байланысты біржолғы төленетін жәрдемақы және бір жасқа дейінгі  бала күтімі жөніндегі жәрдемақы – 14860 іс, мүгедек - баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған  ата-аналарға (қамқоршыларға) жәрдемақы – 406 іс, көп балалы аналар – 563 іс, көп балалы отбасылар – 3179 іс, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы – 58 іс, Семей ядролық сынақтардан зардап шеккендерге біржолғы  ақшалай өтемақы – 10 іс, жерлеуге арналған біржолғы төлемақы – 3159 іс, зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттік кепілдіктерін  орындау – 526 іс, регресстік төлемдер – 8 іс, бюджетік субсидиялар – 5790 іс.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында тоқтатылған электрондық іс макеттердің саны – 3567, тоқтатқан – 8684, қалпына келтірген – 373 құрады.                                               

        Есепті кезенінде зейнетақы және жәрдемақы мөлшері бойынша  - 30291 іс қайта қаралып, бекітілді, оның ішінде: жасына байланысты зейнетақы – 5504; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 4289, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 8273; арнаулы мемлекеттік жәрдемақы  – 988, бала бір жасқа дейінгі  бала күтімі жөніндегі жәрдемақы – 90, мүгедек  - баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған қамқоршы ата-аналарға жәрдемақы – 1435, көп балалы аналар – 478, көп балалы отбасылар – 6155, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы – 77, регресстік төлемдер – 2 іс, бюджетік субсидиялар – 3630.

Шет елдердің және зейнетақы тағайындау үшін қажетті құжаттарды сұратуға ықпал беру бойынша жеке азаматтардың сұраныс хаттардың саны есептік кезеңінде 438 құрады.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 2327 жаңа тағайындалған іс бойынша шешім қабылдаудан бас тартылды.

738 жаңа тағайындалған істер бойынша ескерту орын алған, бұл қаралған істің жалпы санының 2,07 %  құрайды.