Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді есептеу тәртібі

Сот актілерінде, конкурстық басқарушының материалдарында, анықтама-есепте, соттың немесе мемлекеттік мұрағаттың мұрағат құжаттарында ай сайынғы төлем мөлшері (АСТМ) туралы мәлімет болған жағдайда, бар АСТМ қолданылады.

            Осы Қағидалардың 2–тармағында тізбектелген құжаттарда АСТМ туралы мәлімет болмаса, АСТМ капиталдандырылған төлемдерді алған әрбір адам бойынша капиталдандырылған төлемдер сомасы (КТС) мен капиталдандыру кезеңі (КК) туралы мәліметтер негізінде КТС-сын КК-не бөлу арқылы айқындалады: АСТМ = КТС/КК

            Ең төменгi жалақы өсімінің жинақталған деңгейін есептеу (ЕТЖжинақ) белгілі бір жылдардағы ең төменгi жалақының өсу коэффициенттерін мынадай формула бойынша көбейту арқылы жүргізіледі:

      мұндағы ЕТЖn – заңды тұлға банкрот деп танылған жылдан кейінгі қаржы жылының 1 қаңтарына республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшері;

n – заңды тұлға банкрот деп танылған жылдан кейінгі жыл;

(n + x) – ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш білдірген (қайта есептеген) жыл.

Бұл ретте ЕТЖжинақ үтiрден кейiн үш белгiге дейiн дөңгелектенедi. Егер төртiншi белгi 5-ке тең немесе одан көп болса, онда үшiншi белгiге бiр бiрлiк қосылады.

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек (АТ) ай сайынғы төлем мөлшерін (АСТМ) ЕТЖжинаққа көбейту арқылы айқындалады: АТ = АСТМ * ЕТЖжинақ

  • ай сайынғы төлем мөлшері – біржола төлеу үшін капиталдандырылған ай сайынғы сомалардың мөлшері;
  • капиталдандыру кезеңі – капиталдандыру жүргізілген, сот не тарату комиссиясы бекіткен құжатта (сот актісі, кредиторлар тізілімі, анықтама-есеп) көрсетілген кезең;
  • капиталдандырылған төлемдер сомасы – зардап шеккен адамға ақшалай түрде төленген не борышкердің мүлкі есебінен заттай нысанда өтелген сот актісі (актілері), кредиторлар тізілімі, анықтама-есепте көрсетілген сома.