Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі

Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі

Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі

 

Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға өтінішті және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

            Өтініш қабылданған кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның мамандары "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) алады.

            Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

            1) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы;

            2) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылған банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;

            3) капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу бойынша капиталдандырылған төлемдердің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты растайтын сот актісі (актілері):

            - капиталдандырылған төлемдер сомаларын мемлекеттен алған кезде – зиянды өтеу есебіне капиталдандырылған төлемдерді төлеу жөніндегі жауапкершілікті мемлекетке жүктеу туралы заңды күшіне енген шешім (қаулы, ұйғарым);

            - таратылған заңды тұлғаның мүлкі есебінен капиталдандырылған төлемдер сомаларын алған кезде – материалдарында бірінші кезектегі әрбір кредитор бойынша толық жазба қамтылған конкурстық басқарушының қорытынды есебінің бекітіліп, конкурстық іс жүргізудің аяқталғаны туралы ұйғарым (шешім).

            Капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты соттың не капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу жөніндегі капиталдандырылған төлемдер сомасы туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік архивтің архив құжатымен растауға болады.

            Зардап шеккен адамның мәртебесіне байланысты:

            - денсаулығына нұқсан келтірілген зиянды өтеу кезінде – әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама;

            - жұмыскердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес мүгедектік мерзіміне зиян өтелетін мүгедекке зиянды өтеу кезінде – өтініш берушіге мүгедектік белгілеу туралы мәліметтер мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорынан сұратылады.

            Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорында мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мүгедектік туралы немесе кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

            Сот актісінде не капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты растайтын архив құжатында кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін немесе мүгедектік белгілеу туралы мәліметтер болған жағдайда жеке анықтама ұсыну талап етілмейді.

            Іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекетке қабілеті шектеулі немесе қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамдарға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды олардың заңды өкілдері береді.

            Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті үшінші тұлғалар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша береді.