Зейнетақы, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру тәртібі

Зейнетақы, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру тәртібі

Зейнетақы, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру тәртібі

Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақыларды және жәрдемақыларды төлеуді уәкiлеттi орган шешімінің негізінде:

            1) зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ұсынатын алушының банк шоттары бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы;

            2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның, қандастың жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өтуі, оның ішінде АЖ анықталғаны туралы;

            3) іздеуде жүрген адамдардың хабар-ошарсыз кету фактісінің, оның ішінде АЖ анықталғаны туралы;

            4) ата-ананың (лардың) құқықтарынан және қамқоршыны (қорғаншыларды) құқықтарынан айыру (босатылған және шеттетілген қамқоршылар (қорғаншылар) туралы), қамқоршыны (қорғаншыны) ауыстыру, оның ішінде қамқоршы бір медициналық-әлеуметтік мекемеден басқасына шығып кеткен жағдайда жаңа қамқоршыны (қорғаншыны) тағайындағанға дейінгі фактілер туралы, оның ішінде АЖ анықталғаны туралы;

            5) зейнетақыларды және жәрдемақыларды алушылардың Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісінің, оның ішінде АЖ анықталғаны туралы;

            6) хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған адамдардың жеке зейнетақы шоттарына мiндеттi зейнетақы жарналарын (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын) аудару немесе азаматтың тірі екендігін растайтын ақпараттың келіп түсу фактісінің, оның ішінде АЖ анықталғаны туралы;

            7) қайтыс болған асыраушының балаларына, аға-інілеріне, апа-сіңлілеріне немесе немерелеріне күтім жасайтын адамдардың жұмысқа орналасу фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы;

            8) жасы он сегізден асқан асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушының оқу орнынан шығарылғаны туралы немесе оның сырттай оқу нысанына ауыстырылғаны, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы;

            9) шетел адамның тұруға ықтиярхатын алғанға дейін Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу немесе шығу фактісі анықталғаны туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап төлемдерді тоқтата тұрады.

            Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды төлеуді уәкiлеттi органның шешімінің негізінде:

            - қайтыс болғаны туралы, оның ішінде АЖ алынатын мәліметтер;

            - кеткен елінің уәкілетті органынан зейнетақы ісіне/жәрдемақы алушының ісіне сұрау салу;

            - зейнетақы немесе жәрдемақы алушының оны әділет органдарынан тіркеуден шығарғанын растайтын құжатпен қоса, зейнетақы немесе жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өтініші;

            - мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту немесе азаматтығынан шығу фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы мәліметтер;

            - Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының отставкадағы судьяға ай сайынғы өмір бойы қамсыздандыру тағайындалғаны туралы хабарламасы келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатады.

            - әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарынан зейнеткердің зейнетақы ісінен уәкілетті мемлекеттік органның еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалғаны туралы үзінді көшірме келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатады.

            Төлемді қалпына келтіру үшін негіздеме болып табылатын мән-жайлар туындаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның электрондық шешім жобасымен қоса, жаңадан ұсынылған құжаттармен толықтырылған ЭІМ-ді дайындауы және оны уәкілетті органның бекітуі тоқтатыла тұрған күннен бастап не қалпына келтіруге құқық басталған, бірақ оларды алу үшін жүгінер алдындағы үш жылдан аспайтын сәттен бастап жүргізіледі.

            Қазақстан Республикасында төлемдер тағайындалған және тоқтатыла тұрған Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұруға ықтиярхаты бойынша тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тоқтатылған күнінен бастап, бiрақ оларды алу үшiн жүгінер алдындағы үш жылдан асырылмай, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрғанын растайтын консулдық есепке тұрғаны туралы белгісі бар құжаттарды ұсынған кезде қалпына келтіріледі.