Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны тағайындау тәртібі

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны тағайындау тәртібі

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны тағайындау тәртібі

Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы Мемлекеттік корпорация арқылы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға өтініш берген күннен бастап тағайындалады. Жүгіну күні өтініш берген күн болып есептеледі.

Көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау үшін өтініш ұсыну "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жәрдемақыны проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындаған кезде талап етілмейді.

Көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау кезінде отбасы құрамында тірі туған, асырап алынған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалар, егер олар басқа ата-анасының отбасында ескерілмеген болса, жиынтық балалар ескеріледі.

Бұл ретте отбасы құрамында өздеріне қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған немесе ата-ана құқығынан шектелген балалар есепке алынбайды.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариус немесе нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адам куәландырған, нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығымен бекітілген Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау үшін:

1) сәйкестендіру үшін – жеке басты куәландыратын құжат.
Қандас мәртебесі бар адамдардың көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындауға өтініш жасалған жағдайда сәйкестендіру үшін қандас куәлігі беріледі;

2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама); өтініш берушінің деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда-некені (ерлі-зайыптылықты) қию, бұзу туралы куәлік); балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген немесе бала асырап алған жағдайда-балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы акт жазбасындағы бала асырап алу туралы мәліметтер;

3) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса, жыл сайын берілетін № 223 бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы.
Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы мәліметтерді, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжатты немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтерді, сондай-ақ оқу орнының күндізгі бөлімінде оқу туралы мәліметтерді қоспағанда, көп балалы отбасына жәрдемақылар тағайындау үшін баланың (балалардың) туу туралы куәлігін, Неке (ерлі-зайыптылық) қию, бұзу туралы куәлікті, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжатты, оқу орнының күндізгі, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуларға сәйкес.

- проактивті қызмет арқылы:

жәрдемақы тағайындау үшін – проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің мәліметтері немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме, Неке (ерлі-зайыптылық) қию (бұзу) туралы куәлік, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтер, банк шотының нөмірі туралы мәліметтер, электрондық өтініште көрсетілген қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Кәмелетке толмаған балалар саны, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалар саны өзгеруіне байланысты жәрдемақы мөлшері қайта есептеледі.

Көпбалалы отбасы алатын жәрдемақы мөлшері ұлғаюйына немесе азаюына әсер ететін отбасы құрамы өзгерген жағдайда, жәрдемақы мөлшері жәрдемақы мөлшері өзгеруіне құқық туындаған күннен бастап, бірақ оны тағайындау жағдайынан күнінен бастап өзгереді.

Өтініш беруші бірге тұратын балалардың көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау туралы өтініште көрсете отырып, балалардың бірлескен тұрғылықты мекен-жайын растайды.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 16-бабына сәйкес он төрт жасқа толмаған балалардың заңды өкілдерінің тұратын жері олардың тұрғылықты жері болып танылады.

Көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны тағайындау барысында кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалар бірге тұру фактісіне қарамастан отбасы құрамында ескеріледі.

Ерлі-зайыптылар арасында неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ата-ананың біреуімен балалардың бірге тұруы сот шешімімен расталады.

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы отбасының табыстарына қарамастан тағайындалады.