Т Рысқұлов ауданына іс-сапар

Т  Рысқұлов  ауданына  іс-сапар

2021 жылдың 20 -21 мамыры күндері №5 МӘС бөлімі Т. Рысқұлов ауданында кезекті іс-сапарда болып, аудандық емханасы ДКК–сының куәландыруға ұсынған адамдарын сараптамадан өткізді.

Аудандық денсаулық сақтау ұйымының дәрігерлеріне  МӘС және мүгедектерді оңалту сұрақтары бойынша семинар –отырыс өткізді.

 Тiршілік-тынысының, оның iшiнде аурудың, жарақаттың немесе кемiстiктер салдарынан еңбек қабiлетiнің шектелуiне әкеп соқтыратын, организм  функциялары  тұрақты  бұзылған адамдар, оның iшiнде он сегіз жасқа дейінгілер  МӘС-тің қорытындысы  және медициналық зерттеудің сапасы, адамдарды МӘС-ке жiберудiң қорытындысы (31/е нысаны )уақтылылығы мен негізділігі үшiн жауапкершілік тиiсті медицина ұйымының  басшысына  жүктелетіні   айтылды.  аудан дәрігерлеріне адамдарды МӘС комиссиясына  жіберу  тәртібімен  қайта таныстырдық.

           Іс-сапар барысында : алғаш рет – 1 адамға  мүгедектік  тағайындалды , қайта  куәландырудан   27 адам өтті.  Оның ішінде  үйіне барып  қаралғаны – 5 адам,  1 адамға  жеке оңалту  бағдарламасының  әлеуметтік  бөлігіне   түзету берілді, 2 адамның денсаулығының  нашарлауына байланысты, мүгедектік  тобы  күшейтілді, 1 адамның  мүгедектік тобы  төмен  топқа  ауыстырылды, яғни  жартылай  оңалтылды  және  1 адам  толық  оңалтылды.

№5 МӘС бөлімінің басшысы

М.Биғабылова