Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындылары

Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі  2021 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындылары

Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі

 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы

жұмыс қорытындылары

 

2021 жылдың бірінші тоқсанында 17527 жаңа тағайындалған іс бекітілді, оның ішінде: жасына байланысты зейнетақы – 1254 іс, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 1287 іс, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 934 іс, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы  – 270 іс; бала тууына байланысты біржолғы төленетін жәрдемақы және бір жасқа дейінгі  бала күтімі жөніндегі жәрдемақы – 7004 іс, мүгедек - баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған  ата-аналарға (қамқоршыларға) жәрдемақы – 201 іс, көп балалы аналар – 389 іс, көп балалы отбасылар – 1608 іс, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы – 33 іс, Семей ядролық сынақтардан зардап шеккендерге біржолғы  ақшалай өтемақы – 4 іс, жерлеуге арналған біржолғы төлемақы – 1496 іс, зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттік кепілдіктерін  орындау – 308 іс, регресстік төлемдер – 4 іс, бюджетік субсидиялар – 2735 іс.

2021 жылдың бірінші тоқсанында тоқтатылған электрондық іс макеттердің саны – 1610, тоқтатқан – 4199, қалпына келтірген – 182 құрады.                                               

            Есепті кезенінде зейнетақы және жәрдемақы мөлшері бойынша  - 14861 іс қайта қаралып, бекітілді, оның ішінде: жасына байланысты зейнетақы – 2785; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 2199, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 3951; арнаулы мемлекеттік жәрдемақы  – 481, бала бір жасқа дейінгі  бала күтімі жөніндегі жәрдемақы – 51, мүгедек  - баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған қамқоршы ата-аналарға жәрдемақы – 687, көп балалы аналар – 252, көп балалы отбасылар – 2575 бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы – 37, бюджетік субсидиялар – 1843.

Шет елдердің және зейнетақы тағайындау үшін қажетті құжаттарды сұратуға ықпал беру бойынша жеке азаматтардың сұраныс хаттардың саны есептік кезеңінде 166 құрады.

2021 жылдың бірінші тоқсанында 1311 жаңа тағайындалған іс бойынша шешім қабылдаудан бас тартылды.

            370 жаңа тағайындалған істер бойынша ескерту орын алған, бұл қаралған істің жалпы санының 2,02 %  құрайды.

            2021 жылдың бірінші тоқсанында төлемдерді тағайындау сұрақтары бойынша 102 азаматтарға түсініктеме берілді, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау туралы 197 өтініш қаралды.   

Бұқаралық ақпарат құралдарында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы және жәрдемақылардың мөлшерлері арттыру туралы және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің тағайындау тәртібі туралы 5 мақала жарияланды.

2021 жылғы 20 қаңтарда Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдердің жаңа мөлшерлері туралы» тақырыбы бойынша басшының м.а. М.С.Зейнебеков пен №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.Т.Джанаева сөз сөйледі.