Мүгедектіктібелгілеу. Медициналық - әлеуметтіксараптамажүргізутәртібі

Мүгедектіктібелгілеу. Медициналық - әлеуметтіксараптамажүргізутәртібі

Мүгедектіктібелгілеу. Медициналық-әлеуметтіксараптамажүргізутәртібі

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес мүгедек – бұл тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.

Мүгедектікті, оның себептері мен мерзімдерін, еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу тәртібі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларымен регламенттелген.

Неденбастаукерек?

Алдыменсізге тұрғылықты/тіркелгенжеріңіз бойынша медициналық ұйымға өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге не денсаулық сақтау  ұйымының бейінді маманына  бару керек, ол қажетті диагностикалық және емдеуіс-шараларының көлемін, оның ішінде көрсеткіштер бойынша стационарлық тексеру мен емдеу көлемінанықтайды, диагнозды және функционалдық бұзылулар дәрежесін белгілейді.

Диагностикалық, емдеу және оңалтуіс-шаралары кешенін жүргізгеннен кейін, организм функцияларының  тұрақты  бұзылуы  болған  кезде, медициналықұйымдар, анатомиялықақаулары бар адамдардыжәне организм функцияларыныңелеулінемесеайқынбілінетінбұзылулары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын ауруларды қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе диагноз қойылған сәттен бастап төрт айдан ерте емес  адамдарды МӘС-кежібереді.

Бұл ретте, медициналық тексерудің толықтығы, көлемі  және адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптамағ ажіберудің негізділігін жіберген медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялықкомиссиясының (ДКК) төрағасықамтамасызетеді.

ҚазақстанРеспубликасы Еңбек және халықты әлеуметті кқорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтікқорғау жән екөші-қонкомитетінің аумақтық бөлімшелері (МӘС бөлімдері) МӘС жүргізіеді.

МСЭ бөлімінің мамандары куәландырылатын адамды қарау, оның организм функцияларының бұзылу дәрежесін жәнетіршілік-тынысының шектелуін, оныңішінде еңбек ету қабілетін бағалау және ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіби және басқа да деректер) қарау негізінде алқалы түрде  сараптамалық қорытынды  шығарады.

МӘС тұрақты тұратын (тіркелген) жері бойынша жүргізіледі, бірақ бір қатар жағдайларда ДКК қорытындысы бойыншаүйде, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде,  тергеу изоляторларында  немесе  сырттай  емдеуде тұрған жері  бойынша жүргізіледі.

 

Еңбек , әлеуметтік қорғау және қоші-қон комитетінің

Жамбыл облысы бойынша  департаменті ҚР ,

МӘС № 5 бөлімінің бас маманы Кабдулова О.А.