2021 жылдың 1 қантарынан әлеуметтік төлемдердің жаңа мөлшері туралы

2021  жылдың 1 қантарынан әлеуметтік төлемдердің  жаңа мөлшері туралы

2021 жылдың 1 қантарынан әлеуметтік төлемдердің жаңа мөлшері туралы

«2021-2023 жылдарға республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі көрсеткіштер белгіленді:

Күнкөріс деңгейі (КД) – 34 302 теңге.

Айлық есептік көрсеткіш – 2 917 теңге.

Ең төменгі айлық табыс – 42 500 теңге.

Толық еңбек өтілі үшін зейнетақының ең төменгі мөлшері (2021 жылдан тағайындау үшін) – 43 272 теңге.

Базалық зейнетақы төлемі ең төменгі мөлшері –18 524 теңге.

  1. Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап алынатын мөлшердің 7%- на көбейтілді.

Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ең жоғарғы табыс 46 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды. Осыған орай, 2021 жылдың 1 қаңтардан жаңадан есептелетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін арналған ең жоғарғы табыс 134 182 теңгені құрайды.

2.Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерлері «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы лар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126 ҚР Заңының баптарында (12,16,18) көзделген мөлшерлерде белгіленеді жене күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты арттырылады.

3. №1 және №2 Тізімдер бойынша берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың, бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақының, бала бір жасқа толғанға деін оның күтіміне байланысты мемлекеттікжәрдемақының, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың, төрт және одан көп бірге тұратын жасы кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру мекемелерін аяқтайтын уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) мемлекеттік жәрдемақылардың, сондай-ақ Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан запдап шеккен азаматтарға және жаппай саяси қуғын –сүргін құрбандарына тағайындалған, бірақ төленбеген біржолғы ақшалай өтемақылардың мөлшері АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады.

4. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға мемлекеттік жәрдемақының, бала кезінен 1-топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын отбасыларға (адамдарға) мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2021 жылғы 1 қаңтардан КД ұлғаюына байланысты арттырылады.

5. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының ұлғаюына байланысты арттырылды.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес КД жаңа мөлшеріне пайыздық арақатынаста белгіленеді.

6. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 4 мамырдағы №168-ө-м бұйрығымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жыл сайын арттыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынатын келесі 3 жылға арналған жылдық инфляцияның болжамды деңгейі негізінде жүзеге асырылады.

Осыған байланысты 01.01.2021 ж. дейін тағайындалған Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын мөлшерден 5%-ға арттырылды.

Видео: https://www.facebook.com/