Мүгедектігі бар адамдарға берілген жеке оңалту бағдарламасының қыркүйек айындағы орындалуы бойынша

Мүгедектігі бар адамдарға берілген жеке оңалту бағдарламасының қыркүйек айындағы орындалуы бойынша

2026 жылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларының орындалуы және техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары төмендегідей жүзеге асырылды:

  • Протездік-ортопедиялық көмек – 5 257 өтініш түсті, оның 3 800-і қамтылды, яғни 72,6% орындалды;
  • Сурдологиялық көмек – 538 өтініш түсті, оның 476-сы қамтылды, яғни 88,5% орындалды;
  • Тифлотехникалық құралдар – 879 өтініш түсті, оның 732-сі қамтылды, яғни 83,3% орындалды;
  • Кресло-арбалар – 909 өтініш түсті, оның 861-і қамтылды, яғни 94,8% орындалды;
  • Санаторийлік-курорттық емдеу – 7 509 өтініш түсті, оның 5 202-сі қамтылды, яғни 69,3% орындалды;
  • Жеке көмекшінің қызметтері – 280 өтініш түсті, оның 271-і қамтылды, яғни 97% орындалды;
  • Ымдау тілі маманының қызметтері – 348 өтініш түсті, оның 343-і қамтылды, яғни 96,3% орындалды;
  • Міндетті гигиеналық құралдар – 13 680 өтініш түсті, оның 13 169-ы қамтылды, яғни 96,3% орындалды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар мүгедектігі бар адамдардың жеке оңалту бағдарламаларында көзделген қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және олардың әлеуметтік қолжетімділігін арттыруға бағытталған.