
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға марапатталған анаға берілетін жәрдемақы тағайындалады.
Марапатталған анаға берілетін жәрдемақы бюджет қаражаты есебінен ай сайын төленеді.
«Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 27 680 теңге;
«Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 32 005 теңге.
Жәрдемақыны тағайындау үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
– өтініш;
– жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі);
– «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталғанын немесе бұрын «Батыр ана» атағын алғанын, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталғанын растайтын құжат.