САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫҒА ШАҒЫМДАНУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ

САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫҒА ШАҒЫМДАНУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ
  1. Көзбе-көз куәландыруға (қайта куәландыруға) шағымдану

Куәландырылатын адам немесе оның заңды өкілі сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, оны алған күннен бастап 3 айдан кешіктірмей тиісті әкімшілік органға немесе лауазымды адамға шағым бере алады.

Шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес қаралады және шағым келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде қаралады.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдану

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша аумақтық бөлімшенің және/немесе оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым аумақтық бөлімше басшысының немесе Комитет басшысының атына беріледі.

Шағым 5 жұмыс күні ішінде қаралады.

Мемлекеттік қызмет сапасыз немесе уақытылы көрсетілмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға шағымдана алады. Мұндай шағым 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

  1. Сырттай проактивті куәландыруға (қайта куәландыруға) шағымдану

Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның заңды өкілі сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, тұрақты тіркелген жері бойынша аумақтық бөлімшеге шағым береді.

Шағым бойынша тиісті мәліметтер 2 жұмыс күні ішінде рәсімделеді.

Комитет маманы МӘС актісін 2 жұмыс күні ішінде эксаумақтық МӘС ӘББ-нің қарауына жібереді.

Эксаумақтық МӘС ӘББ МӘС актісі келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде сараптамалық қорытынды шығарады.