Медициналық көрсеткіштер және жеке көмекші қызметін көрсетуге арналған медициналық қарсы көрсетілімдер

Медициналық көрсеткіштер және жеке көмекші қызметін көрсетуге арналған медициналық қарсы көрсетілімдер

Жеке көмекші қызметін ұсынуға медициналық көрсеткіштер:

  1. абсолютті соқырлық;
  2. екі көздің де көру өткірлігінің түзетумен 0,03-ке дейін болуы;
  3. айқын немесе күрт айқын білінетін вестибулярлық-мозжечоктық бұзылыстар;
  4. айқын немесе күрт айқын білінетін гиперкинетикалық-амиостатикалық синдром;
  5. паркинсонизм (айқын немесе күрт айқын білінетін акинетикалық-регидті нысаны);
  6. аурулардан немесе жарақаттардың салдарларынан туындаған айқын немесе күрт айқын білінетін гемипарез, төменгі парапарез, трипарез;
  7. гемиплегия, триплегия, параплегия;
  8. қан айналымы және тыныс алу функцияларының айқын немесе күрт айқын білінетін бұзылыстары (қан айналымы жеткіліксіздігінің III сатысы, коронарлық жеткіліксіздік, тиісінше стенокардияның IV функционалдық сыныбы, өкпелік-тыныс алу жеткіліксіздігінің III дәрежесімен, жүрек-өкпе жеткіліксіздігінің II–III және III сатыларымен үйлесуі және басқалары);
  9. несеп бөлу жүйесі функциясының айқын немесе күрт айқын білінетін бұзылыстары (III–IV дәрежедегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі);
  10. буындар функциясының III–IV дәрежедегі бұзылыстарымен организмнің статодинамикалық функцияларының айқын немесе күрт айқын білінетін бұзылыстары;
  11. протездеуге келмейтін және жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын екі жоғарғы аяқ-қолдың ампутациялық тұқылдары;
  12. протездеуге келмейтін және жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын екі жоғарғы аяқ-қолдың туа біткен даму аномалиялары;
  13. протездеуге келмейтін екі санның ампутациялық тұқылдары;
  14. жоғарғы аяқ-қолдардың жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын айқын функционалдық бұзылыстарымен үйлескен, протездеуге келмейтін екі сирақтың ампутациялық тұқылдары;
  15. қозғалыстың III дәрежедегі бұзылуымен жүретін төменгі аяқ-қолдардың туа біткен даму аномалиялары;
  16. жоғарғы аяқ-қолдардың жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын айқын функционалдық бұзылыстарымен үйлескен, буындар функциясының III–IV дәрежедегі бұзылуымен қатар жүретін екі жамбас-сан немесе тізе буындарының функционалдық тұрғыдан тиімсіз жағдайдағы анкилоздары;
  17. жоғарғы аяқ-қолдардың жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын айқын функционалдық бұзылыстарымен үйлескен, буындар функциясының III–IV дәрежедегі бұзылуымен қатар жүретін екі жамбас-сан немесе тізе буындарының айқын немесе күрт айқын білінетін контрактуралары.