
Мүгедектік өмір бойына мына жағдайларда белгіленуі мүмкін:
🔹 Анатомиялық кемістіктер, ағзалар мен жүйелердің қайтымсыз өзгерістері мен зақымданулары болған кезде.
🔹 I, II және III топқа жататын заңнамада көрсетілген ауыр анатомиялық кемістіктер кезінде (аяқ-қолдың ампутациясы, көру қабілетінің толық жоғалуы, ауыр қозғалыс бұзылыстары, бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы және т.б.).
🔹 Организм функцияларының тұрақты және қайтымсыз бұзылыстары болып, толық жүргізілген оңалту шаралары тиімсіз болған жағдайда және мүгедектік дәрежесі ұзақ уақыт бойы тұрақты сақталса.
🔹 Динамикалық бақылау мерзімі:
90–100% — кемінде 4 жыл;
60–89% — кемінде 5 жыл;
30–59% және 5–29% — кемінде 6 жыл.
🔹 Зейнет жасындағы адамдарға, оңалту болжамы қолайсыз болған жағдайда.