
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары А.С.Есмағамбетова, Департамент басшысы А.Оразбеков және облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының м.а. С.Б.Төрегелдиев мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдармен қамтамасыз етілу барысы және проблемалары талқыланды.
Департамент басшысы А.Оразбеков әлеуметтік қызметтер порталы бойынша комиссия құрамын күшейту, порталда тіркелген, бірақ жұмыс істемейтін, тауар сақтау орны жоқ өнім жеткізушілерді порталдан шығару туралы ұсыныс айтты. А.Есмағамбетова порталдағы өнім жеткізушілерді толық мониторинг өткізіп нәтижесін баяндауды тапсырды.