МӘС бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап

МӘС бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап

1️⃣ Мүгедектік қашан белгіленеді?
Мүгедектік ауру, жарақат немесе туа біткен кемістік салдарынан ағза функциялары тұрақты бұзылып, адамның тіршілік әрекеті шектелген жағдайда МӘС бөлімдерімен белгіленеді. Диагноздың болуы өздігінен мүгедектік тағайындалатынын білдірмейді.

2️⃣ Мүгедектіктің қандай топтары бар?
18 жастан асқан адамдарға денсаулық жағдайына қарай *I, II немесе III топ* белгіленуі мүмкін. Топ адамның функционалдық жағдайы мен тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесіне қарай анықталады.

3️⃣ Қант диабетіне мүгедектік беріле ме?
Иә, берілуі мүмкін. Бұл ретте аурудың өзі емес, оның ағза функцияларына, еңбек етуге, жүруге және өзіне-өзі қызмет көрсетуге әсері бағаланады.

4️⃣ Мүгедектік қашан қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді?
Мүгедектік қайтымсыз анатомиялық кемістіктер, тұрақты әрі қалпына келмейтін бұзылыстар және оңалту болжамы қолайсыз болған жағдайларда қолданыстағы заңнамаға сәйкес қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленуі мүмкін.

5️⃣ Кресло-арба қалай алынады?
Кресло-арба медициналық көрсетілімдер болған жағдайда *жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына (ЖАОБ)* енгізіледі. Одан кейін қажетті құралды *Әлеуметтік қызметтер порталы* арқылы таңдауға болады.

📌 Маңызды: мүгедектік тобы мен оңалту құралдары әр адамның денсаулық жағдайы мен жеке қажеттілігіне қарай анықталады.

Материалды дайындаған: Махатова Айсұлу Тулепбергенқызы