Департамент пен Мемлекеттік корпорация қызметкерлері арасында семинар-кеңес өткізілді

Департамент пен Мемлекеттік корпорация қызметкерлері арасында семинар-кеңес өткізілді

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалының бөлімшелері қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараға департамент басшысының орынбасары Маканов Арман Муратбекович және № 2 Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлім басшысының м.а Асқарбекова Ақмарал Зиятовна қатысып, Мемлекеттік корпорацияның Жамбыл облыстық филиалы бөлімшелерінің қызметкерлерімен өзекті мәселелерді талқылады.Семинар барысында зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қолданыстағы заңнама талаптары, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері, сондай-ақ туындайтын практикалық сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.