
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік және Құрылыс кодексіне сәйкес, (бұдан әрі Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚР Кодексі, 135 бабы), Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актілерін жүргізу мен есепке алу тәртібі бойынша:
Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен бірге халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілгенін растауының болуы тиіс екендігі, яғни сәйкестік туралы декларацияны келісуді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын болады.
Сәйкестік туралы декларацияны келісудің мақсаты
объектінің Қазақстан Республикасының заңнамасында, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс нормалары мен мемлекеттік нормативтерде көзделген мүгедектігі бар адамдар мен халықтың өзге де аз қозғалатын топтары үшін қолжетімділік талаптарына сәйкестігін растау болып табылады.
Объектінің қолжетімділік талаптарына сәйкестігін бағалау
мына нормативтерге сәйкес жүзеге асырылатын болады:
ҚР ҚН 3.06-01-2011;
ҚР БҚ 3.06-101-2012*;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1021 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы Бірлескен бұйрығы № 807;
📍 Декларацияға қол қою орны
Декларацияға қол қою Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде жүзеге асырылады.
📍 Мекенжайы:
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Талас мөлтек ауданы, 35-үй.