Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Атамқұлов Батырбек Керімбайұлының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Кездесу барысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау, интернет кеңістігіндегі діни ақпараттарды дұрыс қабылдау және діни қауіпсіздік мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Іс-шара соңында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.