Қолжетімді орта – баршаға ортақ міндет

Қолжетімді орта – баршаға ортақ міндет

Департамент басшысы Оразбеков Аслан Ұланұлы Жамбыл облысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Бүгінде өңірдегі Қолжетімділік картасына енгізілген 1518 нысанның 1250-і толық бейімделіп, қолжетімділік деңгейі 82,35%-ға жетті. Осылайша, 2026 жылға жоспарланған көрсеткіш мерзімінен бұрын орындалды.

Қолжетімді орта құру жұмыстары білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету, құқық қорғау және сот жүйесі нысандарын қамтып отыр.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, қалған нысандарды бейімдеу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.