Пробация үйінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Пробация үйінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2026 жылғы 04 маусымда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің №3 МӘС бөлімінің бас маманы Урозов Расул Маликович Пробация үйіне барып, мекеме тұрғындарымен кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында медициналық-әлеуметтік сараптама қызметтерін алу тәртібі, мүгедектікті белгілеу мәселелері, сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Сонымен қатар, азаматтардың сұрақтарына жауап беріліп, қажетті кеңестер мен ақпараттар ұсынылды. Мұндай кездесулер халықтың әлеуметтік құқықтары туралы хабардарлығын арттыруға және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.