
Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексі аясында қолжетімді және кедергісіз орта қалыптастыру мәселесі ерекше маңызға ие болуда.
Осы бағытта Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Оразбеков Аслан Ұланұлы құрылыс нысандарында инклюзивті орта құру талаптары және Сәйкестік туралы декларацияның маңыздылығы жөнінде түсіндірме берді.
Жаңа заңнамаға сәйкес, құрылыс нысандарының мүмкіндігі шектеулі азаматтар, қарт адамдар және балалар арбасымен жүретін ата-аналар үшін толық қолжетімді болуы міндетті. Пандустардың, лифтілердің, санитарлық бөлмелердің, тактильді бағыттағыштардың және арнайы автотұрақтардың талаптарға сәйкестігі қатаң бақылауға алынады.
Қолжетімді орта – бұл тек құрылыс нормасы ғана емес, ол әрбір азаматтың тең мүмкіндіктерге ие болуын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік міндет.