«Қазақстандағы кедергісіз орта қалыптастыру мәселелері мен келешегі» тақырыбында брифинг

«Қазақстандағы кедергісіз орта қалыптастыру мәселелері мен келешегі» тақырыбында брифинг

Кеше Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстандағы кедергісіз орта қалыптастыру мәселелері мен келешегі» тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг барысында  Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Оразбков Аслан Ұланұлы тікелей эфирде сөз сөйлеп, елімізде азаматтарға қолайлы әрі қолжетімді орта қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Сонымен қатар, жақында қабылданған Жаңа Құрылыс кодексі аясындағы өзгерістерге кеңінен түсіндірме беріліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру мәселелері айтылды.

Брифинг барысында кедергісіз орта қалыптастырудың маңыздылығы, әлеуметтік нысандарға қойылатын талаптар және алдағы жоспарлар жөнінде нақты ақпарат ұсынылды.