
Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бекіткен шығу кестесіне сәйкес, Пробация үйінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды қабылдау өткізілді.
Қабылдауды Департаменттің медициналық- әлеуметтік сараптама (МӘС 2) бөлімінің бас маманы Тұңғышбаев Мұхтар Өзбекбаевич жүргізді.
Кездесу барысында азаматтарға мүгедектікті белгілеу тәртібі, МӘС-тен өту, әлеуметтік төлемдер, оңалту шаралары және арнайы әлеуметтік қызметтерді алу жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ азаматтардың жеке сұрақтарына нақты кеңестер берілді.
+ Мұндай кездесулер азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне және мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуіне ықпал етеді.