Пробация үйінде азаматтарды қабылдау өтті

Пробация үйінде азаматтарды қабылдау өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бекіткен шығу кестесіне сәйкес, Пробация үйінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды қабылдау өткізілді.

 

Қабылдауды Департаменттің медициналық- әлеуметтік сараптама (МӘС 3) бөлімінің бас маманы Қабдулова Орындық Амангалиевна жүргізді.

 

Кездесу барысында азаматтарға мүгедектікті белгілеу тәртібі, МӘС-тен өту, әлеуметтік төлемдер, оңалту шаралары және арнайы әлеуметтік қызметтерді алу жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ азаматтардың жеке сұрақтарына нақты кеңестер берілді.

 

Мұндай кездесулер азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне және мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуіне ықпал етеді.