
Организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалаулар негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау Қазақстан Республикасының Премьер -Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 жылғы №260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу Қағидаларына» (бұдан әрі-Қағида) сәйкес жүргізіледі.
Қағиданың 5 тармағына сәйкес, медициналық ұйымдар тіршілік-тынысының шектелуіне алып келетін ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері бар адамдарды, 21-хромосома бойынша трисомиямен (Даун синдромы), организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын паллиативті көмек алатын ауруларды қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе балаларға және жұмыс істемейтін адамдарға диагноз белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін медициналық- әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі-МӘС) жібереді.
Қағиданың 18 тармағына сәйкес, МӘС бөлімінің немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің сараптамалық қорытындылары осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес организмнің негізгі функциялары бұзылуының және тіршілік-тынысы шектелуінің жіктемесі, сондай-ақ осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес он сегіз жасқа дейінгі балаларға мүгедектік мерзімдерін белгілеу үшін медициналық көрсетілімдердің негізінде организмнің жай-күйі мен тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін кешенді бағалауға байланысты шығарылады.
Қағиданың 2 тарауы 1 параграфы 4 тармағы 2 тармақшасына сәйкес, медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) 031/е нысанды қорытындысы адамдарға `куәландыру жүргізу үшін негіздеме болып табылады. Куәландыру (қайта куәландыру) көзбе -көз немесе сырттай проактивті форматта жүргізіледі.
Медициналық тексеріп-қараудың толықтығын, көлемін және адамды МӘС-ке жіберудің негізділігін жолдама берген медициналық ұйымның ДКК төрағасы қамтамасыз етеді.
Махатова А.Т
МӘС-ның әдіснама және бақылау
бөлімінің басшысы
10.03.2026