
Департаменттің "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Байзақ аудандық бөлімшесінің қызметкерлері үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 27 ақпанында зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Электрондық іс макеттерін қалыптастыру, оларды департаментке жіберу мерзімдерін сақтау барысында туындайтын проблемалық мәселелер жария етілді.
Бұл жұмыс мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін қажетті ақпараттық сауаттылықты арттыру мақсатында тұрақты негізде жүргізіледі.