
«Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы» КММ «KENES TIME» жобасы аясында «МӘСК-ғы этика және адам құқығы» тақырыбында «Қазақ зағиптар қоғамының мүшелерімен» кездесу отырысын ұйымдастырып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Медециналық әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау» бөлімінің басшысы Махатова Айсұлу Төлепбергеновнаны кездесуге шақырды.
Кездесу барысында МӘСК-Медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының қызметі төмендегідей үш бағытта жұмыс жасайтынын түсіндіре отырып, әр бағыттың жұмыс барысына ауқымды түрде тоқталып, ақпараттар берді.
Кітапхана оқырмандары өздерінің сауалдарын қойып, шиеленіскен мәселелерінің түйінін шешіп, қажетті кеңестерді алды.
Тиімділігі: 20 оқырман қатысты.