МӘС мәселелері және әлеуметтік саладағы нормативті актілер туралы семинар

МӘС  мәселелері және   әлеуметтік  саладағы   нормативті  актілер туралы  семинар

№2 МӘС  бөлімінің  қызметкерлері   а.ж 16 қазаны күні Талас  ауданына  іс-сапары кезінде  Талас аудандық орталық ауруханасының  дәрігерлеріне   МӘС  мәселелеріне қатысты  жұмыс семинарын  өткізді. 

       Семинарда медициналық-әлеуметтік  сараптаманың,  мүгедектігі  бар  адамдардың абилитациялаудың және оңалту бағдарламасының  өзекті  мәселелері көтерілді, проактивті сырттай  куәландыруға  жіберілетін  ауру түрлері айтылды, 18 жасқа  дейінгі  балаларға  тағайындалатын мүгедектік  мерзімдері,  031/е нысанды  жолдамасының  сапасы, негізділігі    туралы  айтылды. Сонымен қатар, медицина  қызметкерлері  тарапынан қойылған  сұрақтарға   жауап  берілді, МӘС-ның әдіснама және  бақылау  бөлімінің  мамандары  практикалық және  консультациялық  көмек көрсетті.