
МӘС-ның әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы а.ж 16 қазанында Талас ауданына іс-сапары кезінде №2 МӘС бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп Талас аудандық орталық ауруханасының дәрігерлеріне МӘС мәселелеріне қатысты жұмыс семинарын өткізді.
Семинарда медициналық-әлеуметтік сараптаманың, мүгедектігі бар адамдардың абилитациялаудың және оңалту бағдарламасының, сырттай-проактивті куәландырудың өзекті мәселелері және сапасыз ,негізсіз жолдамалар туралы айтылды.
Медицина мамандары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.