
№3 МӘС бөлімінің қызметкерлері а.ж 24 қыркүйегіндегі Меркі ауданына іс-сапары кезінде Меркі аудандық орталық ауруханасының дәрігерлеріне МӘС мәселелеріне қатысты жұмыс семинарын өткізді.
Семинарда медициналық-әлеуметтік сараптаманың, мүгедектігі бар адамдардың абилитациялаудың және оңалту бағдарламасының өзекті мәселелері көтерілді, проактивті сырттай куәландыруға жіберілетін ауру түрлері айтылды, 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын мүгедектік мерзімдері, 031/е нысанды жолдамасының сапасы, негізділігі туралы айтылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Премьер -Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 жылғы №260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу Қағидаларына» енгізілген өзгерістермен, толықтырулармен және әлеуметтік саладағы басқа да нормативті-құқықтық актілермен медицина мамандарын таныстырды.
Медицина қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.