Медициналық-әлеуметтік сараптама қызметі және департаменттің 2025 жылғы 8 айдағы жұмыс қорытындысы тақырыбында Брифинг

Медициналық-әлеуметтік сараптама қызметі және  департаменттің 2025 жылғы 8 айдағы  жұмыс қорытындысы тақырыбында  Брифинг

2025 жылдың 24 қыркүйегінде Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде медициналық-әлеуметтік сараптама қызметі және департаменттің 2025 жылдың 8 айындағы жұмысының қорытындысына арналған брифинг өтті.

Брифингке Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Ергеш Ержан Ермаханұлы қатысты.

           Брифингте мүгедектікті белгілеу, еңбек ету қабілетінен айрылу және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде медициналық-әлеуметтік сараптама қызметіне қатысты негізгі мәселелер баяндалды.

Облыс бойынша мүгедектік санаттары мен топтары бойынша сандық көрсеткіштер ұсынылды.

Брифингте 2025 жылдың басынан бастап төлемдер мөлшерін арттыру, зейнетақы төлемдерінің ең төменгі және ең жоғары мөлшері, тағайындалған (қайта қаралған, бас тартылған) зейнетақылар мен жәрдемақылар саны бөлігінде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері көтерілді.

Сондай – ақ, департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру бөлігіндегі қызметіне ерекше назар аударылды, онда ағымдағы жылдың басынан бері 21 тексеру жүргізілді, оның ішінде 16 жоспарлы және 5 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, соның нәтижесінде 21 бұзушылық 27 анықталды.

Қойылған барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді.