Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау, қамтамасыз ету үшін және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспардың 3 - бөлімі 3 тармағының 5 тармақшасы։ мүгедектігі бар адамдар және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектелген топтары үшін әлеуметтік маңызы бар объектілердің қолжетімділігі бойынша бейімделген нысандар Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бақылауымен Inva.gov.kz (Интерактивная карта доступности) енгізілуі тиіс. Бүгінгі таңға картаға 1457 нысан енгізілген (980 нысан қол жетімді, 475 нысан ішнара қолжетімді, 2 нысан бойынша анықтамалар жоқ болып тұр).
Қозғалысы шектеулі адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділікті бейімдеуге 2021 жылы 259 нысан, 2022 жылы 259 нысан, 2023 жылы 259 нысан, 2024 жылы 259 нысан, 2025 жылы 259 нысан жоспарланған (барлығы 1295 нысан). Бейімдеу жұмыстары жүргізілгенімен олардың барлығы да 100% бейімделген дегенге келмейді, ауытқулары бар.
Қозғалысы шектеулі жандар үшін әлеуметтік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігіне және медициналық - әлеуметтік мекемелерінің жұмыстарына мониторинг жұмыстарын жүргізу үшін мониторингтік жұмыс тобы кұрылған, жұмыс жасап жатыр.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 140 бабы негізінде сол нысандардың қолжетімділігіне бақылауды, яғни бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бақылау департаментпен жүргізіледі.
Департаменттің Халықты әлеуметтік қорғау саласында бақылау бөлімімен 2024 жылы барлығы 155 тексеріс жасалынды. Оның։ 46 объектіге жоспарлы профилактикалық бақылау және 6 жоспардан тыс бақылау және прокуратура тапсырмасымен 103 мекемеге тексеріс жүргізілді. Мүгедектігі бар жандардың ғимараттқа кіріп-шығуына қол жетімділігі бойынша - 138 мекемеге, МСУда стационар жағдайында қызмет алушылардың (№ 3 тексеру парағы бойынша) -3 мекемеге; үйде қызмет көрсету жағдайында (№ 4 тексеру парағы бойынша ) ИПРдың орындалуы – 13 мекемеге; мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын орындау (№ 7 тексеру парағы бойынша )госзакуп -1мекемеге.
46 жоспарлы тексеріс (қолжетімділік бойынша білім саласы - 29, МСУ – 3, жұмыспен қамту –13, госзакуп -1),
46 тексеріс нәтижесінде – 39 субъектіге (объектіге) анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды, оның 25 ұйғарымы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында, ал 14 ұйғарымы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында. Ұйғарымның орындалу мерзімі мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында 3 айды, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында 1ай құрайды. Жоспарлы тексеріс нәтижесінде 127 кемшілік анықталды. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында берілген ұйғарымның орындалуына жоспардан тыс 6 бақылау жүргізіліп, 1 656 000 теңге айыппұл өндірілді.
Тараз қаласы Прокуратурасының тапсырмасы бойынша мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында 103 мекеме (білім саласында։ мектептер, колледждер 61 және 42 бала-бақша) тексерілді. 70 мекемеден заң бұзушылықтар анықталып, 10 189 320 теңге айыппұл өндірілді.
Барлығы бөліммен бюджетке 11 845 320 теңге өндірілді, 70+6 = 76 мекемеден.
Бөліммен 2025 жылдың қаңтар - маусым аралығында барлығы 16 тексеріс жасалынды. Оның։ 11 объектіге жоспарлы профилактикалық бақылау және 5 жоспардан тыс бақылау. Прокуратура тапсырмасымен 4 мекемеге, жеке азаматтың өтінішімен 1 мекемеге тексеріс жүргізілді. Мүгедектігі бар жандардың ғимараттқа кіріп-шығуына қол жетімділігі бойынша (6-бақылау парағы) - 5 мекемеге, МСУда стационар жағдайында қызмет алушылардың (№ 3 тексеру парағы бойынша) - 0 мекемеге; үйде қызмет көрсету жағдайында (№ 4 тексеру парағы бойынша ) ИПРдың орындалуы – 11 мекемеге; мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын орындау (№ 7 тексеру парағы бойынша )госзакуп -0 мекемеге.
11 жоспарлы тексерістің барлығы жұмыспен қамту орталықтары, оның – 9-на бару арқылы бақылау жүргізілді, прокуратураға тіркелді, 2 - прокуратураға тіркелмеді (без посещения) бақылау жүргізілді.
16 тексеріс нәтижесінде – 2 субъектіге (объектіге) анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды. Жоспарлы тексеріс нәтижесінде 1 кемшілік анықталды. Жоспардан тыс 1 бақылау бойышша әкімшілік іс қозғалды, айыппұл өндірілді, 235 000 теңге.
Жыл басынан бүгінгі таңға 42 мекемеге лицензия берілді.