Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдығы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдығы

2025 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанына 30 жыл толады. 1995 жылы жалпыұлттық референдумда бекітілген негізгі заң еліміздің егемендігіне берік негіз қалап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етті, сондай-ақ мемлекеттік құрылымның демократиялық қағидаттарын бекітті. Конституция Қазақстанның тәуелсіздігі мен құқықтық мемлекет құруға ұмтылысының символына айналды. Өткен отыз жыл ішінде ол өз өміршеңдігін дәлелдеп, мемлекеттілікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етті.

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Конституциясының 30 жылдығын мерекелеуге арналған әдеби сағат өтті.

Іс-шараға департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары қатысты.