ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Ағымдағы жылдың 9 маусымында  Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша   департаментінде "Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарынын 2.9 тармағын орындау мақсатында  профилактикалық жұмыс мақсатына қызметкерлер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараға, Жамбыл облысы полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры  Қошмағанбетов Мұхаммед Сейтмаханұлы қатысты.

Семинар аясында мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болуының алдын алу шаралары, есірткі және психотроптық заттарды медициналық емес тұтынудың салдары, сондай-ақ мас күйінде көлік құралдарын басқарудың құқықтық аспектілері талқыланды. Қоғамдық тәртіпті бузуға және ҚР заңнамасында көзделген жауапкершілік шараларына ерекше назар аударылды. Полиция қызметкері мұндай құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті түсіндірді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Жамбыл  облысы бойынша департаментінің бас маманы Ажибаев Айбек Иткараевичтың   және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл  облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас мамандары Інжат Еламан Мұханбетханұлы мен Досыбаев Бекзат Туятбекбекұлының   қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Талқылаудың негізгі тақырыптары іскерлік этикет пен қызметтік мінез-құлық ережелерін сақтау, ойын мекемелеріне барудан бас тарту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру, этикалық нормаларды сақтау және практикалық жағдайларды талдау үшін жауапкершілік мәселелері болды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына, мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды қатаң сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

         Талқылау барысында қатысушылар этикалық стандарттарды сақтау бойынша практикалық ұсыныстар алды және нақты тәжірибеден алынған мысалдарды қарастырды. Іс-шара соңында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, кәсіби қызметте жоғары моральдық стандарттарды ұстанудың маңыздылығын атап өтті.

Семинар аясында іскерлік  этикет пен қызметтік мінез-құлық ережелерін сақтау, ойын мекемелеріне барудан бас тарту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру, этикалық нормаларды сақтау және практикалық жағдайларды талдау үшін жауапкершілік мәселелері болды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына, мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды қатаң сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.