Азаматтарды қабылдау.

Азаматтарды қабылдау.

 

2025 жылғы 13 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Әкімі аппараты ғимаратының азаматтарды қабылдау орталығында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы С. К. Саятов азаматтармен жеке қабылдау жүргізді.

         Қабылдау барысында жасына байланысты зейнетақы тағайындау және   еңбек кітапшасы жоғалған жағдайда есепке алынатын еңбек өтілі туралы азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауап берілді.