2025 жылғы 31 наурызында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен "Ашық есік күні" өткізілді.
"Ашық есік күні" барысында жасына байланысты зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат баяндалды.
Соңында зейнетақы және әлеуметтік заңнама, жұмыс өтілін есептеу, балалары бар отбасыларға жәрдемақы тағайындау және мөлшерін есептеу мәселелері бойынша жауаптар берілді.