2025 жылғы 27 ақпанында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бекітілген оқыту кестесіне сәйкес, онлайн фопматта Zoom платформасы арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Өскемен қалалық бөлімшесінің мамандарымен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құжаттарды қабылдауда және іс макеттерін қалыптастырудың сапасын арттыру мақсатында «Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құжаттарды қабылдаудың сапасын арттыру» тақырыбында семинар-оқыту өтті.
Семинар барысында ҚР Әлеуметтік кодексі, қолданыстағы зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет, «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді Ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 07.12.2020 жылғы № 381 Заңының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының негізгі нормалары түсіндіріліп өтті.
Қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.