«2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 04.12.2024ж. №141-VIII Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2025 жылғы
1 қаңтардан бастап:
Ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге;
Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге;
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге мөлшерінде;
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 46 228 теңгені құрады.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты жаңадан тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 216 260 теңге (55 АЕК) құрады.
Жасы және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 8,5 % - ға артты.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 206-бабына сәйкес ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылды, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 110 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.
Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 65 пайызы мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде берілген (Анықтама үшін 01.01.2024 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшері 43 407 теңгені құраған).
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек өтіліне сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері
зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі |
ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының пайыздық қатынасы |
2025 жылғы |
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері |
10 жыл және одан аз болғанда |
70% |
46 228 |
32 360 |
11 жыл |
72% |
46 228 |
33 285 |
12 жыл |
74% |
46 228 |
34 209 |
13 жыл |
76% |
46 228 |
35 134 |
14 жыл |
78% |
46 228 |
36 058 |
15 жыл |
80% |
46 228 |
36 983 |
16 жыл |
82% |
46 228 |
37 907 |
17 жыл |
84% |
46 228 |
38 832 |
18 жыл |
86% |
46 228 |
39 757 |
19 жыл |
88% |
46 228 |
40 681 |
20 жыл |
90% |
46 228 |
41 606 |
21 жыл |
92% |
46 228 |
42 530 |
22 жыл |
94% |
46 228 |
43 455 |
23 жыл |
96% |
46 228 |
44 379 |
24 жыл |
98% |
46 228 |
45 304 |
25 жыл |
100% |
46 228 |
46 228 |
26 жыл |
102% |
46 228 |
47 153 |
27 жыл |
104% |
46 228 |
48 078 |
28 жыл |
106% |
46 228 |
49 002 |
29 жыл |
108% |
46 228 |
49 927 |
30 жыл |
110% |
46 228 |
50 851 |
Мүгедектігіне және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы және бірінші топ мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адамға мемлекеттік жәрдемақы, арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің ұлғаюына байланысты жоғарылатылды.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшерінің артуына байланысты №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, жерлеуге біржолғы төлем, бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, ай сайынғы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, сонымен қатар Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына және жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына тағайындалған, бірақ төленбеген бірреттік ақшалай өтемақы төлемдерінің мөлшері артты.
Мәселен:
Егер жасына байланысты зейнетақы мөлшері 100 000 теңге болса, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5 % - ға артуына байланысты 108 500 теңгені құрайды.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 27 жыл болғанда 2024 жылы 42973 теңгені құраса (ЕТКД 99%), 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 48 078 тенге (ЕТКД 104%).
Жасына байланысты зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (әрі қарай – Кодекс) «Зейнетақымен қамсыздандыру» 15-тарауы 1-3 параграфтарына және "Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидалары" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығына (әрі қарай – Қағида) сәйкес тағайындалады.
Кодекстің 207, 2010, 211 баптарына сәйкес, Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін толық көлемде ерлерге 63 жасқа толғанда 1998 жылғы 1 қаңтарда кемінде 25 жыл еңбек өтілі болған кезде, әйелдерге 61 жасқа толғанда 1998 жылғы 1 қаңтарда кемінде 20 жыл еңбек өтілі болған кезде тағайындалады.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін толық көлемде есептеу 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл ішіндегі орташа айлық кірістің 60 пайызы есебінен жүргізіледі. Талап етілетін еңбек өтілінен артық 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға ұлғайтылады, бірақ бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін есепке алынатын кірістің 75 пайызынан аспайды.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 55 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс (айлық есептік көрсеткіш мөлшері 2024 жылы 3692 теңгені құраса, 01.01.2025 жылдан бастап 3932 теңгені құрайды).
Мәселен:
Азамат А. 61 жасқа 06.01.2025 жылы толады, 1998 жылғы 1 қаңтарға еңбек өтілі 21 жыл 1 ай 12 күнді құрайды, орташа айлық кірісі 250 000 теңге.
21 жыл еңбек өтілі (әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемінде 20 жыл еңбек өтілі қажет) мен 216260 теңге орташа айлық кірісі (2025 жылы жасына байланысты зейнетақы тағайындау үшін есепке алынатын кірістің максималды мөлшері) негізінде есептелген жасына байланысты зейнетақы мөлшері 06.01.2025 жылдан бастап 131919 теңгені құрайды (орташа айлық кірістің 61%).