ҚР құқықтық-нормативтік актілер бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу туралы

ҚР құқықтық-нормативтік актілер бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу туралы

2020 жылдың 10 – 14 тамызы аралығында Катонқарағай ауданында, 2020 жылдың 2-ші жартыжылдығына бекітілген бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімі бойынша «Катонқарағай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі»,   «Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемелерінде және «Мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психологиялық патологиясы бар мүгедектерге және қарт азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметкөрсету жөніндегі Катонқарағай аумақтық орталығы», ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Катонқарағай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде іссапарда болды.

Іссапар барысында  бас маман А. Садыков «Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психологиялық патологиясы бар мүгедектерге және қарт азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметкөрсету жөніндегі Катонқарағай аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мамандарына ҚР құқықтық-нормативтік актілер бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді:

  • «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР заңы;
  • «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР заңы;
  • Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары;
  • «Ғимараттар мен құрылыстарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау» ҚР ережелер жинағы;
  • «Тез бейімделмейтін топтар үшін ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігі» ҚР құрылыс нормалары.

Кездесу соңында мекеме мамандарына құқықтық-нормативтік актілер материалдары таратылды.