Бала тууына және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне тағайындалатын жәрдемақы

Бала тууына және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне тағайындалатын жәрдемақы

ҚР Әлеуметтік кодексінің "Балалы адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік қорғау" 9-тарауына сәйкес балалары бар адамдардың (отбасылардың) әлеуметтік қорғауға құқығы бар:

1) баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – тууға арналған жәрдемақы);

2) бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оған күтім жасау жөніндегі ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі-күтім жөніндегі жәрдемақы);

Бала туғанда берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген және өзінің туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар шетелдіктерге бала туған күннен бастап беріледі.

Бала туғанда берілетін жәрдемақы жүгінген күннен бастап тағайындалады. Екі және одан көп бала туған кезде бала туғанда берілетін жәрдемақы әрбір балаға тағайындалады және төленеді.

Бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін жүгіну мерзімдері бала туған күннен бастап он сегіз айдан аспайды.

Бала күтіміне байланысты жәрдемақы баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап ол бір жарым жасқа толғанға дейінді қоса алғанда,  асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар адамдарға (отбасыларға) – соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық белгіленген күннен бастап ол бір жарым жасқа толғанға дейін тағайындалады.

 Бала күтіміне байланысты жәрдемақыны тағайындаған кезде отбасы құрамында тірі туған, асырап алынған, сондай-ақ қамқоршылыққа (қорғаншылыққа) алынған балалар, егер басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалар да ескеріледі. Бұл ретте, отбасы құрамында өздеріне қатысты ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген балалар ескерілмейді. Егер бір жарым жасқа толмаған бала қайтыс болғаннан кейін күтім жөніндегі жәрдемақыны тағайындауға жүгінген жағдайда күтім жөніндегі жәрдемақы қайтыс болу айын қоса алғанда тағайындалады.

Қандастарға бала күтіміне байланысты жәрдемақы бала туған күннен бастап, бірақ қандас мәртебесі белгіленген күннен кейін тағайындалады.

Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақылар отбасының табысына қарамастан тағайындалады.

Бала туғанда берілетін және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтінішпен жүгінеді. Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш ұсыну Заңға сәйкес жәрдемақыны проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындаған кезде талап етілмейді.

 Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не соған уәкілетті тұлға оның құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған, шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген баланың (балалардың) туу туралы куәлігін (куәліктерін) ұсынған кезде, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе,заңнамаларға сәйкес, апостиль қою не заңдастыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады.

Жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне, балалар санына және тиісті еселік коэффициенттеріне байланысты белгіленеді.

Бала тууға арналған біржолғы жәрдемақы бюджет қаражаты есебінен 2023 жылы келесі мөлшерде тағайындалады:

бірінші, екінші, үшінші баланың тууына берілетін жәрдемақы мөлшері 38 АЕК (131 100 теңге);

төртінші және одан да көп балаға 63 АЕК (217 350 теңге).

Бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы:

бірінші балаға– 5,76 АЕК (19 872 теңге);

екінші балаға – 6,81 АЕК (23 495 теңге);

үшінші балаға – 7,85 АЕК (27 083 теңге);

төртінші және одан да көп балаға – 8,90 АЕК (30 705 теңге).